Медицинаны дамыту керек

Бүгінгі «Халық микрофоны» хабарында денсаулық сақтау саласы жан-жақты талқыланды. Студия қонақтары медицинадағы қордаланған мәселелерді көтерді. Хабарға дәрігерлер, экс-депутаттар мен кәсіподақ ұйымының өкілдері қатысты.

Денсаулық саласындағы ең өзекті мәселе – білікті кадрлардың жетіспеушілігі. Ал Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Ирина Смирнова басты проблема бұл емес дейді. Оның пікірінше, салаға жан бітіру үшін жұмысты жүйелеп, жемқорлықты жою керек.

– Біз ирландиялық тәжірибеге сүйенсек болады. Мәселен, ол елде халықты дұрыс тамақтануға үйретіп, жыл сайын санаторийлерге демалуға шақырады. Нәтижесінде, ирландықтардың көбі ауырмайды. Айтпақшы, ол жақта да дәрігерлер жетіспейді. Бірақ олар бұл тығырықтан шығу жолын асылай тапқан, – деді Ирина Смирнова.

Қазақстанда билік басындағылар отандық медицинаға сенбейді. Салдарынан олар шетелдерге барып дәрігерлік тексеруден өтіп, емделіп келеді.

Спикер Гиппократ антына берік, білікті дәрігерлер елімізде де бар екенін тілге тиек етті. Оны айтуынша, адал ісін әрекетімен дәлелдеп жүрген мұндай мамандар жетерлік. Мемлекет мидицина туризмін дамытса, денсаулық саласы ілгерілейді деген пікірде.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Эльмира Әуезованың айтуынша, елімізде профилактиканы дамыту қажет.

– Біз ауру-сырқаудың алдын алу арқылы еліміздің болашағына қамқорлық жасауымыз керек. Есіңізде болсын, мектептерде стоматологиялық кабинеттер болған. Салауатты өмір салтына бала кезінен, балабақшадан бастап баулу қажет. Адамдарға скринингтік зерттеулердің, аурудың алдын алудың рөлі қандай екенін айтуымыз керек, – деді ол.

Хабар барысында спикерлер денсаулық саласында заң бұзушылықтар орын алған жағдайда қайда хабарласуға, жүгінуге болатынын да атады.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат Қуат Ерғалиевтің айтуынша, медицина тегін болуы керек. МӘМС-ті азаматтар қосымша салық ретінде қабылдайды. Оның орнына мемлекет ірі бизнес үшін прогрессивті шкала енгізу арқылы салық саясатын өзгертуі қажет. Сонымен қатар, Қазақстанда өндірілген тауарлар мен жұмыстарға қосымша құн салығы алынып тасталып, 5% көлеміндегі бірыңғай айналым салығы енгізілуі тиіс.

Хабардың YouTube каналындағы сілтемесі

https://www.youtube.com/watch?v=d8WuXy6OGJ0


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy