Мемлекет қамқорлық танытса, параспортшы қапы қалмайды!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы мүгедектігі бар спортшылар үшін арнайы-спорттық және арнайы-техникалық құрал-саймандарды сатып алу бойынша құрылым құруды ұсынады. Мәжілісте өткен ҚР Салық Кодексіне енгізілген түзетулерді талқылау барысында ҚХП-нан сайланған депутат Кенжеғұл Сейітжан осындай ұсыныс жасады.

– Арнайы-спорттық және арнайы-техникалық құрал-саймандар азаматтарды жаппай қамтамасыз етуге арналмаған, - деді Мәжіліс депутаты.

– Осыған байланысты, кәсіпкерлер үшін аталған жабдықтарды ҚР-ға жеке жеткізу тиімсіз.

Сонымен қатар, К.Сейітжан Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға қажетті спорттық керек-жарақ шығаратын немесе жеткізетін компаниялар жоқ екенін нақтылады. Параспортшыларға қажетті тауарларды шетелдік жеткізушілерден өздері сатып алуға тура келеді, ал мұны бәрінің қалтасы көтере бермейді. Бірыңғай дистрибьюторды құру Қазақстандағы параспорт пен сурдоспорттың дамуына ықпал етер еді.

Мұндай түзету енгізуге мемлекеттік органдардың өкілдері белсенді түрде қарсы болды. Заң жобасының бұл бабы орасан шығынды талап еткендіктен, Республикалық бюджет комиссиясының жеке қарауына ұсынылуы тиіс деп танылды. Құжатты қабылдауды ұзаққа созбау үшін Кенжеғұл Сейітжан өз ұсынысын алып тастады. Болашақта ол депутаттық бастама тәртібімен осындай дистрибьюторлық құрылым құру идеясын ұсынуға ниетті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy