Бейбіт күннің бағасы – ұрпақ жадында

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Қазақстанның Халық партиясы ауқымды «Мәдени мұра» жобасын қолға алды. Жоба аясында партияның өңірлік филиалдарында Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен жауынгерлердің рухын ұлықтауға бағытталған түрлі іс-шара өткізілуде.

Жетісу облыстық ҚХП филиалы Талдықорған қаласындағы әскери-техникалық мектеппен бірлесіп экологиялық акция ұйымдастырды. Ардагерлер саябағында мерейтойлық 80 жылға сәйкес 80 көшет отырғызылды. Көшеттерді сатып алуға ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаттары Рахима Қырымбаева мен Эдуард Ким демеушілік көмек көрсетті.

1

– Патриотизм – өткенді есте сақтаудан басталады. Батырлар ерлігін ұлықтау, бейбітшілікті сақтау және Отанға деген сүйіспеншілікті кейінгі ұрпаққа аманаттау – бәріміздің азаматтық борышымыз, – деді партия өкілдері.

Маңғыстау облыстық филиалының партия мүшелері мектеп оқушылары мен студенттер арасында «Қайнар-2025» атты әскери-спорттық сайыс ұйымдастырды. Чемпионат қазақтың аңызға айналған батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының рухына арналды.

3

– Басты мақсатымыз – оқушылар мен жастарға алғашқы әскери дайындықтың негізгі дағдыларын үйрету, патриоттық рухты, достықты және жауапкершілікті ұғындыру. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау, әскери-қолданбалы спорт түрлерін таныстыру және жастардың Қарулы Күштерге дайындығын тексеру де басты назарда, – деді ұйымдастырушылар.

4

Сайыс кезеңдеріне «Турникке тартылу», «АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау», «Ұлдар мен қыздарға арналған кешенді күш жаттығулары», «Арқан тартыс» және өзге де жарыс түрлері кірді. Командалық есепте 1-орынды Ақтау қаласындағы НЗМ оқушылары, 2-орынды Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің студенттері, ал 3-орынды дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары иеленді


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy