Қоғам заң үстемдігін қолдайды

Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі, Мәжілістің сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы, депутат Магеррам Магеррамов әріптестерімен бірге Астана қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына барып, оның жұмысымен және күдіктілерді ұстау жағдайларымен танысты. Сапар депутаттардың сайлаушылармен кездесу мақсатындағы жұмыс сапары аясында өтті.

– «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы бойынша жұмыс тобына жетекшілік ететіндіктен, қамаудағылардың түзелуіне мүмкіндік беретін нақты жағдайлардың жасалуы мен мекеме қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және нысанның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі мен үшін аса маңызды, – деді депутат.

1

Депутат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң және тәртіп» қағидатын еске сала отырып, қоғам өмірінің барлық саласында құқықтық тәртіпті күшейтуге бағытталған нақты істер жүріп жатқанын айтты.

2

– Бұл бағытта біз заңнаманың сапасын арттыру бойынша жұмыс істеп келеміз. ҚХП депутаттары түрлі заң жобасына мыңнан астам түзету енгізді. Біздің басты мақсатымыз – заң арқылы әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асыру, – деді Магеррамов.

Депутаттың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен сот жүйесі жаңғыртылып, прокуратураның рөлі күшейген. Азаматтардың құқығын бұзатын лауазымды тұлғалардың әрекетіне сот тәртібімен шағым түсіру жолы заңмен нақты бекітілген.

Магеррам Магеррамовтың төрағалығымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған заң жобасы әзірленіп жатыр. Алайда депутат мәселені шешу тек Парламенттің ғана емес, тұтас қоғамның міндеті екенін айтты.

3

– Заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін ел тұрғындары мен азаматтық қоғамның белсенділігі қажет. Құқықтық мәдениет – баршаға ортақ жауапкершілік, – деп түйіндеді депутат.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy