Жетісудағы жүздесу

Мәжіліс депутаттары жазғы демалысқа шықты. Алайда олардың демалысы өңірлерге жұмыс сапарына барудан басталды. Мәжілісмендер облыстарда сайлаушылармен кездесіп, ел ішіндегі өзекті мәселелерді анықтауды көздеп отыр.

Қазақстан Халық партиясының Мәжілістегі депутаты, «JAS ORTA» жастар қанатының жетекшісі Ислам Сұңқар Жетісу облысына барды. Сапар аясындағы алғашқы кездесуі партия белсенділері және жергілікті филиал басшылығымен өтті. Жиын барысында мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылып жатқан идеологиялық және заң шығару бастамалары талқыланды.

1

2

Ислам Сұңқар сапар мақсатын тарқатып, негізгі міндеттердің бірі – халықпен тікелей байланыс орнатып, жергілікті жерлердегі проблемаларды зерттеу және оны заңнамалық бастамалар әзірлегенде ескеру екенін атап өтті. Ол алдағы күндері жоспарланған іс-шаралар кестесін де бөлісті. Атап айтқанда, аудандардағы тұрғындармен, еңбек ұжымдарымен, азаматтық қоғам мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

– Халық, партия және депутаттар корпусы арасындағы сындарлы диалог – ел дамуының басты негізі, – деді депутат.

3

4

Кездесу барысында партия белсенділері Жетісу өңіріндегі бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Денсаулық сақтау мен білім беру салаларынан бастап, инфрақұрылым, көлік қатынасы және әлеуметтік қолдау бағыттарындағы түйткілді мәселелер сөз болды. Депутат барлық ұсыныстар мен өтініштерді тыңдап, әрқайсысын жеке қарауға уәде берді. Кездесу соңында қатысушылар мұндай басқосулар өңірлер мен орталық арасындағы байланысты нығайтатынын атап өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy