Пара Азия ойындарына ҚХП-ның депутаты қатысады

22 қазанда Қытайда IV Пара Азия ойындары басталады. Оған осы аймақтың 45 елінен 3800-ге жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысады. Жарысқа Қазақстан паравелоспорт федерациясының президенті, Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан қатысады.

Бұған дейін Қазақстанның паравелоспорт құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын. Жаттығудың бірінші кезеңі Алматы облысындағы Талғар шатқалында, екіншісі Қырғызстанның Ыстықкөл маңында өтті.

Кенжеғұл Сейтжанның айтуынша, оқу-жаттығу жиыны өте қызықты, әрі нәтижелі өтті. Бұл процесте велокоманданың бас жаттықтырушысы Николай Зайцев шағын әлеуметтік сынақ жүргізген.

  • Көп нәрсе адаммның ішкі сеніміне байланысты, соның нәтижесінде дәреже болады, - деп түсіндірді ол эксперименттік жүріс туралы. – Бұл да оқытуды қажет етеді.

  • Сейітжанның өзі пара спортшыларды дайындаудағы бұл кәсіби тәсілді жоғары бағалады.

  • Біздің жаттықтырушы өте керемет жан, - деп түсіндірді ол. – Бұл жаттықтырушымыз көру қабілеті төмен адамдардың велосипедті қалай жүргізетінін түсінуге тырысады. Осындай бапкер берген жаратушыға мың шүкір!

  • Енді оқу-жаттығу жиыны аяқталып, жеңіс тұғырында Қазақстанның туын желбіретеміз деп нық сеніммен аттанған паравелошабандоздар командасы Ханчжоу қаласына жетті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy