Павлодардағы бірегей кеме жөндеу кәсіпорнына бұзылып кету қаупі төніп тұр

dep.jpg

Қазақстанның Халық партиясы бірегей Павлодар кеме жөндеу кәсіпорнын қорғайды. Кәсіпорын бұзылып кетудің алдында тұр, себебі Павлодар әкімдігі оның жер телімін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға ниетті.

ҚХП депутаты Ирина Смирнова атап өткендей, қала билігі кеме жөндеу кәсіпорынның орнына жалпы білім беретін мектеп салуды ұйғарды.

– Біз мектеп салуды қолдаймыз,- деді Мәжіліс депутаты. - Бірақ аймақтағы үлкен су ығыстыратын кемелерді көтеру үшін арнайы жабдықтарды (SLIP) пайдалана отырып, кемелерді жөндеуді жүзеге асыратын жұмыс істеп тұрған жалғыз кәсіпорынның жұмысын тоқтатуға қарсымыз.

Егер біз қазір бұл кәсіпорынды жойып жіберуге мүмкіндік беретін болсақ, онда біздің өзен флотының кемелеріне ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстары үшін Омбыға баруға тура келеді.

– Павлодар облысы елдегі өзен жүк қатынасы сақталған жалғыз облыс болып табылады,- деп еске салды И.Смирнова. - Бұл ресурсты қирату емес, дамыту қажет!

Өзен тасымалы - көлік логистикасының ең арзан және экологиялық таза түрі. Жұмыс істеп тұрғанына 14 жылдан асқан осы кеме жөндеу кәсіпорны жыл сайын кемінде 30 флот бірлігін жөндейді және өңірде кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құрып, жергілікті бюджетке ірі салық төлеуші екенін де ескерген жөн. Сондай-ақ, біз Ертіс өзенінің бойында балалар үшін қауіп-қатердің жоғары екенін ескере отырып, сол жерден мектеп салудың әкімдік үшін қандай қажеттіліктен туындағанын түсіне алар емеспіз.

Қазақстан Халық партиясы жер телімін бөлу мәселесін қайта қарауды, отандық кеме жөндеу кәсіпорнын сақтап қалуды, ал мектепті балаларға қауіпсіз басқа жерден салуды ұсынады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy