Депутат ҰОК-тың және ұзақ өмір сүру орталығының жұмысымен танысты

Қазақстан Халық партиясы фракциясының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Астана қаласындағы жұмыс сапарын жалғастырып жатыр. Бұл жолы ол Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) басшылығымен кездесіп, елордадағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қызметімен танысты.

Алдымен депутат Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, бокстан бірнеше дүркін әлем чемпионы, ҰОК президенті Геннадий Головкинмен кездесті. Әңгіме барысында тараптар олимпиадалық қозғалысты дамыту мен Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы орнын нығайту бағыттарын талқылады. Әсіресе спортшылар мен жаттықтырушыларға арналған білім беру бағдарламаларына, Азия Олимпиада кеңесі мен Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) сынды ұйымдармен әріптестікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

1

2

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, алдымызда отандық спорттың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, елді әлемдік деңгейде лайықты таныту міндеті тұр. Бұл бағыттағы бірқатар мәселелер жүйелі көзқарасты және заңнамалық деңгейде қолдауды қажет етеді. Парламенттің жаңа сессиясында біз осы бастамалар бойынша белсенді жұмыс жүргізуге ниеттіміз және ҰОК-пен нәтижелі ынтымақтастыққа сенеміз, – деді Магеррамов.

3

Содан соң халық қалаулысы Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» жұмысымен танысып, орталыққа келуші азаматтармен жүздесті.

4

5

– Қарттарымыздың бос уақыттарын пайдалы әрі көңілді өткізуге мүмкіндіктері бары қуантады. Мұндай орталықтарды аудан орталықтарында, ауыл-аймақтарда да ашу маңызды. Өйткені бұл мекемелер қарт жастағы азаматтардың денсаулығын нығайтып, әлеуметтік байланыстарын сақтауда үлкен рөл атқарады, – деді депутат сапар қорытындысы бойынша.

6

7

8


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy