ҚХП-нан сайланған депутат Пара Азия ойындарында қола жүлдегер атанды

dep.jpg

Велоспорттан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжан, Антон Лаврентьев уақыт бойынша жекелей бәсекеде үшінші болып мәреге жетті. Осылайша, Қытайда өтіп жатқан IV Пара Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар қола жүлдегер атанды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғұл Сейтжан Қазақстан паравелоспорт федерациясының президенті. Оның көптеген жеңістері бар. (UCI халықаралық рейтингі бойынша 13-орын) Паравелоспорт шебері Сейтжан - Петропавл, Ақтау, Бурабай қалаларында өткен бірқатар ел чемпионаттарында топ жарды. Өткен жылы да Мақсат Қадыровпен бір тандемде пара-спортшы Душанбеде өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын.

Бұған дейін Қазақстанның паравелоспортшылар құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізген болатын. Жаттығудың бірінші кезеңі Алматы облысындағы Талғар шатқалында, екіншісі Ыстықкөл (Қырғызстан) маңында өтті.

Қытайда IV Пара Азия ойындары 22 қазанда басталған еді. Оған осы аймақтың 45 елінен 3800-ге жуық мүмкіндігі шектеулі спортшы қатысуда. Велоспорттан Қазақстан құрамасы жалпы есепте 32-ші орында және бұл жолы 17-ші қола медальді қанжығаға байлады.

Қазақстан Халық партиясы Кенжеғұл Сейтжаның бұл тамаша жеңісін зор қуанышпен қабылдап, шын жүректен құттықтайды!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy