Республика күні құтты болсын!

dep.jpg Бұл мерекенің біздің еліміз үшін маңызы айрықша. Өйткені, 1990 жылғы 25 қазан күні сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Мемлекеттік Егемендік туралы декларацияны қабылдады. Декларацияда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі жарияланып, елдің саяси-құқықтық тәуелсіздігінің бағдарламасы баяндалды.

Ел аумағының тұтастығы, оған қол сұғылмайтындығы, қазақ халқының және Қазақстандағы басқа да этнос өкілдерінің төл мәдениетін, дәстүрін, тілін қайта түлету мен дамыту, ұлттық қадір-қасиетті нығайту мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі ретінде айтылды. Республиканың саяси, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық-мәдени құрылысына, оның әкімшілік-аумақтық құрылысына байланысты мәселелер ешкімнің араласуынсыз дербес шешілетіні жарияланды.

Бұл декларация – тәуелсіз ел болуға жасалған алғашқы қадам еді. Сондықтан да, еліміз үшін, халқымыз үшін Республика күнінің мәртебесі бөлек, маңызы ерек!

2022 жылдан бастан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне «ұлттық мереке» мәртебесі беріліп, өз деңгейінде атап өтіле бастады.

Қазақстан Халық партиясы Қазақстан Республикасының дербес мемлекетке айналуының тарихи бастауы болған Республика күнімен барша қазақстандықтарды құттықтайды!

Еркіндік пен елдіктің, тұрақтылық пен теңдіктің бастауы болып табылатын мерейлі мерекеде отандастарымызға бақ-дәулет, ырыс-несібе тілейміз!

Еліміздің мәртебесі биіктеп, әлемге шарықтай берсін!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy