Әріптестік орнатуға дайынбыз!

Қазақстан Халық партиясы өкілдері Социалистік Вьетнам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Фам Тхай Ньы Май бастаған делегаттармен кездесті.

ҚХП төрағасының орынбасары, фракция басшысы, мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Вьетнам мен Қазақстанның қарым-қатынасы артып келе жатқанын атап өтті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Вьетнам мемлекетіне ресми сапары екі тараптың әріптестікті нығайтуға мүдделі екендігін көрсетеді. Екі ел арасындағы алыс-беріс, тауар айналымы, туризм саласындағы қарым-қатынас нығайып келеді.

–Қазақстан мен Вьетнам іскерлік әріптестігін дамытуға мүмкіндік көп. Екіжақты партиялық ынтымақтастық бізге де осы қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға көмектеседі, - деді Магеррамов.

Қазақстан Халық партия төрағасының орынбасары Қазақстан Халық партиясы қазір елдің тұрмысын жақсарту үшін жасалып жатқан жұмыс жайын баяндады. Түрлі әлеуметтік бағдарланың қалай іске асып жатқанын айтып берді.

Өз сөзінде елші Фам Тай Нья Май Вьетнам Коммунистік партиясының Халықаралық әріптестік жайлы бөлісті.

–Қазақстанға сапарымыздың басты мақсаты – Вьетнам компартиясы мен Қазақстанның ірі саяси партиялары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, - деп атап өтті. – Бұл біздің халықтарымыз бен республикаларымыз арасындағы дәстүрлі достық пен ынтымақтастық қатынастарын нығайтуға жақсы негіз болады.

Вьетнам дипломатияға ден қойған мемлекет ретінде, негізгі бағыты бейбітшілік пен өзара тиімді қарым-қатынас орнату. Еліміз тәуелсіз саяси бағытты дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Вьетнам компартиясы әлемнің 115 еліндегі 253 партиямен ынтымақтастық орнатты. Оның ішінде кеңестік мемлекеттерге де аса назар аударып отыр. Партиялық деңгейдегі делегациялар алмасу, сондай-ақ партия құрылымы жайлы тәжірибе алмасу, бәріне қызық. Осы орайда Қазақстан Халық партиясы серіктестікті жандандыруға дайын екендігін білдірді.

Сөз алған Магерам Магеррамов- "Біз социалистік партиямыз. Және коммунистік, социалистік, адал еңбекті сүйетін өзге партиялармен қарым-қатынас орнатуға әрқашан дайынбыз!»-, деп атап өтті.

Кездесу соңында тараптар естелік сыйлықтармен алмасты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy