Балаларды қорғау күні - ең маңызды халықаралық мерекелердің бірі.
Балалық шақ - бұл өмірдегі ең алтын уақыт, алғашқы қадамдар мен талпыныстар, жарқын әсерлер мен таза бала қуанышы. Біздің міндетіміз - азаматтарымыздың жас буынына, олардың денсаулығына, тәрбиесіне, игілігі мен рухани дамуына жауапкершілікпен қарау.
Бақытты балалардан әлемді жақсылыққа өзгертетін азаматтар өсіп шығады. Тек осылай ғана біз мемлекетіміздің ең басты құндылығы - оның халқын сақтай аламыз. Тек осылайша ғана біз Отанымыздың, Тәуелсіз Қазақстанның табысты болашағын қамтамасыз ете аламыз.
Әрбір баланың дені сау болып, ата-анасының ыстық құшағында, махаббат пен ізгіліктің шуағына шомылып өсуін қалаймыз. Баршаңызға бейбітшілік, игілік пен бақ-береке тілейміз!
Мерекеңізбен!
Қазақстан Халық партиясы