Аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауына дайындық жүріп жатыр. 10 қазан сағат 18.00-де үгіт насихат басталды.
Дауыс беру 5 қарашада өтеді, аумақтық сайлау комиссияларына 249 кандидат өтініш берді.
Олардың 64%-ы өзін-өзі ұсынушылар, қалғаны саяси партиялардан.
Аудандық деңгейде әкімдерді сайлау жөніндегі пилоттық жобаны облыстық маңызы бар 45 аудан және 3 қала (Курчатов, Рудный және Приозерск) мәслихаты бекітті. Мұндай сайлау науқаны Қазақстанда алғаш рет өтуде. Бұл елдегі маңызды саяси оқиғалардың бірі және республиканың өзін-өзі басқару жүйесін жаңғырту жолындағы бұрын-соңды болмаған қадам.
Қазір әрбір саяси партия сайлауға өзінің үздік кандидаттарын ұсынып жатыр. Қазақстан Халық партиясы да алдағы сайлауға белсенді дайындық үстінде. Партия республиканың түрлі өңірлерінен аудан әкімдері лауазымына 13 үміткер ұсынды.
Қазақстан Халық партиясы барлық сайлаушыларды алдағы сайлауға белсенді қатысуға шақырады.