16 маусым - қасиетті Құрбан айт мерекесі!

dep.jpg

Құрметті қазақстандықтар!

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!

Осы қасиетті де қадірлі күнде жүректеріңіз нұрға толсын, көкіректеріңіз сырға толсын, көңілдеріңіз жырға толсын! Әрбір іс-әрекеттеріңіз даналық пен мейірімділік шуағымен сусындасын! Баршаңызға күш-қуат пен мықты денсаулық, ізгі ниет пен игілік тілейміз.

Шаңырақтарыңыздан шаттық кетпесін, дастархандарыңыздан тоқтық кетпесін! Қасиетті күнде келген қонағыңыздың көңілі шат болсын! Жақсы тілек пен ізгі ниеттен туған әрбір ісіңіз салиқалы ұрпаққа үлгі-өнеге, өсиет болсын! Барлық отандастарымызға бақ-береке тілей отырып, туған-туысқандарыңыздың тек қуанышына бөленіп жүре беріңіздер деген тілек айтамыз.

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy