16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!

dep.jpg

Құрметті отандастар!

Қазақстан Халық партиясы еліміздегі ең ұлық мереке, 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды!

Тәуелсіздік алғаны бергі 32 жыл ішінде Отанымыз Қазақстан әлемдегі 200-ге жуық мемлекеттер қатарына нық қосылып, өзінің нақты шекарасы, тұрақты әскері, салмақты сыртқы саясаты, нарықтық экономикасы, өсіп келе жатқан халқы бар мемлекетке айналды.

Бұл біздің әрқайсымыздың жүрегімізде мақтаныш сезімін тудырады! Еліміздің саяси-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуі жолында біздің партиямыз бен оның мүшелері де орасан еңбек атқарып отыр деп санаймыз. Әлемде саны көп болса да, өзінің мемлекеті мен жері жоқ ұлттар мен ұлыстар қаншама. Солармен салыстырғанда, біз бақытты халықпыз!

Адам баласына қажетті басқа игіліктерді өз еңбегіміз бен арман-мақсатымыздың арқасында жасап аламыз! Сондықтан да, Тәуелсіздік мерекесі – баға жетпес ең қасиетті де, қастерлі мейрам!


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy