19 қараша – Құтқарушылар күні

dep.jpg 19 қазан елімізде Құтқарушылар күні. Бұл өрт сөндірушілер, азаматтық қорғаныс және суда құтқару қызметі мамандарының кәсіби мерекесі. Еш үрейсіз түрлі адам өміріне төнетін қауіптермен бетпе-бет келіп, өз бастарын емес, айналасының амандығына кепіл болып жүрген маман иелері.

Осы күнгі мерекенің датасы кездейсоқ таңдалған жоқ – дәл осы күні 1995 жылы Тәуелсіз Қазақстанда Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі бірыңғай республикалық қызмет құрылды. Ал, құтқарушылар күні ресми мәртебеге 2008 жылы ие болды.

Өкінішке қарай, бүгінге дейін елде болған көптеген төтенше жағдайлар, республикадағы құтқару қызметтері үнемі толық қарсы тұра алмай келгендігін бірнеше рет дәлелдеп берді. Ірі өрт сөндіру кезінде робототехника пайдаланылмайды, көптеген деполар мен авариялық-құтқару пункттері қажет құралдармен толық жабдықталмаған, құтқарушылар ескірген техникамен жұмыс істейді және өткен ғасырдың көліктерін әлі күнге пайдаланып келеді.

Қазақстан Халық партиясы азаматтық қорғаныс қызметтерін қайта жарақтандыру мәселелерін бірнеше рет көтерді. Сондай-ақ әлеуметтік қорғауды да күшейту қажет. Партиялықтар денсаулығы мен өміріне қауіп төніп, азаматтарымызды қорғауда көрсеткен қажыр-қайратын аянбайтын маман иелеріне, лайықты марапаттар көрсетілу керек деп санайды.

– Тұрғын үй тапшылығы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің басты проблемасына айналған, - деп бірнеше рет ҚХП фракциясы депутаттық сауалдар жасаған болатын. - Өрт сөндірушінің орташа жалақысы жеке тұрғын үй сатып алуға немесе жайлы тұрғын үйді жалға алуға мүмкіндік бермейді. Әскери қызметкерлерге тұрғын үй жеңілдіктері болса, құтқарушыларда жоқ.

Құтқару қызметінің аммандарын зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі де өзекті.

– Қазіргі таңда құтқарушылар мемлекеттік қызметші ретінде 63 жасқа толғанда зейнеткерлікке жалпы негізде шығады, - деп ҚХП депутаттары жағдайдың қисынсыздығын бірнеше рет түсіндірген еді. - Бұл жастағы құтқарушылар биіктікте, су астында және өрт болған қауіпті аймақтарда қажетті жұмыс түрлерін орындай алмайды.

Сондықтан қазақстандық құтқарушылар үшін кәсіби мереке қарсаңында, ең жақсы сыйлық әлеуметтік пакет пен зейнет жасын қысқарту болуы әбден мүмкін. Күндердің күнінде Үкімет осындай шешім қабылдайды деп үміттенеді партия мүшелері.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy