Еліміздің өңірлерінде Қазақстан Халық партиясының бастамасымен «Халықпен бірге 20 жыл!» атты жаңа акциясы басталды. Акция партияның 20 жылдық мерейтойына арналған. Оның аясында салтанатты іс-шаралар мен есептік жиналыстар өткізу жоспарланған.
ҚХП Жетісу облысындағы филиалы мерейтойға орай есептік-мерекелік конференция ұйымдастырды. Іс-шараға облыстың және Талдықорған қаласының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, саяси партиялардың мүшелері, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, журналистер, блогерлер, сондай-ақ партия белсенділері мен ардагерлері қатысты.
Филиал төрағасының міндетін атқарушы Олжас Ыбырайымов сөз сөйлеп, ҚХП қалыптасуы мен даму тарихын егжей-тегжейлі әңгімелеп берді. Ол партия мүшелерінің негізгі жетістіктеріне назар аудара отырып, партияның республикадағы саяси оқиғаларға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, Ыбырайымов өз филиалының қызметі туралы, партияның ұстанымын нығайту, оның ықпалын кеңейту және жаңа жақтастарды тарту жөніндегі жұмыстар туралы есеп берді. Конференция соңында қатысушыларға партия туралы шағын фильм көрсетілді. Іс-шара қонақтары партиялықтарды шын жүректен құттықтап, жаңа табыстар тіледі. Соңында қатысушылар фуршет дастарханында бас қосып, бейресми жағдайда әңгіме жасады.
ҚХП Павлодар облыстық филиалы тақырыптық алқалы жиын өткізді. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері мен журналистер шақырылды. Іс-шара Достық үйінде ашық диалог форматында өтті. Партиялықтар ҚХП мен филиалдың атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы әңгімелеп берді. Қонақтар өз кезегінде өзара ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісіп, депутаттар мен белсенділерге алғыс айтып, мерейтой иелерін құттықтады. Жиын соңы ҚХП қатарына кіруге ниет білдірген жаңа мүшелерге Алғыс хаттар мен партиялық билеттерді салтанатты түрде табыс етумен аяқталды.
Партияның Шымкент қалалық филиалы мерейтойын партия белсенділері мен ардагерлері, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысқан салтанатты жиынмен атап өтті. Қонақтарға альбомдар, Алғыс хаттар және мерейтойлық партиялық төсбелгілер табыс етілді.