Бұл күн мүгедектігі бар азаматтардың мәселелеріне жан-жақты көңіл бөлуге бағытталған.
Бүгінде Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 719 мыңнан астам адам тұрады.
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтар еліміздің түрлі салада еңбек етуде.
2023 жылғы шілдеден бастап ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енді, онда барлық азаматтар үшін әлеуметтік қорғау саласында тең құқықтар мен мүмкіндіктер көзделген.
Оның ішінде мүгедектігіне байланысты немесе өзге де мән-жайлар бойынша кез келген шектеу кемсітушілік болып табылады және тыйым салынады.