4 маусым - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні

dep.jpg

Жыл сайын 4 маусымда Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мемлекеттік рәміздер - кез келген елдің тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстанда да дәл солай. Ту, Елтаңба және Әнұран - ҚР Конституциясында заң жүзінде бекітілген ерекше мемлекеттік белгілер. Онда біздің мемлекеттілігіміз бен ұлттық бірегейлігіміздің негізі жатыр.

Әрбір азамат пен өз Отанының патриоты үшін мемлекеттік рәміздер сәйкестендіру кодының және ұлттық-мәдени қоғамға тиесілілігінің бір бөлігі болып табылады. Бұл біздің шекарамыздың ішінде ұлттың басын біріктіру үшін де, басқа халықтармен қарым-қатынаста республиканы таныстыру үшін де маңызды.

Мемлекеттік рәміздер күні - қарапайым мереке емес. Бұл мереке Тәуелсіз Қазақстан рәміздерінің маңыздылығын еске салады. Бұл - ата-баба мұрасын сақтап, ұрпағына жеткізген ел үшін мақтаныш күні. Елтаңбаны, Ту мен Әнұранды құрметтеу адамгершілік қағидаттардың ортақ жүйесін қалыптастырады, көпұлтты қазақстандық қоғам ортасында бірлік, бейбітсүйгіштік пен өзара түсіністік рухын нығайтады. Біз мұны ұмытпауымыз керек.

Біз барша қазақстандықтарды осы тамаша мерекемен құттықтаймыз. Сіздерге бақ-береке, тыныштық, бақытты өмір мен бейбіт аспан тілейміз!

Қазақстан Халық партиясы


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy