Қазақстандықтардың лайықты баспанаға толық құқығы бар

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері «EXPO TOWERS» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Көппәтерлі тұрғын үй кешенінің (КТК) тұрғындары партия мүшелеріне жиналып қалған бірқатар проблемалары мен арыз-шағымдарын жеткізді.

Пәтер сатып алу кезінде олардың иелеріне қолжетімді паркинг уәде етілген. Бірақ қоныс аударғаннан кейін пәтер иелері тұрақ орындарының жеке ЖШС-ге тиесілі екенін, тұрақ аумағының бір бөлігінде біреудің кофе-барының орналасқанын, ал жақын жерде заңсыз көлік жуу орны да бар екенін біліп таңданып отыр.

Пайдалану жарналарының бәрі Бірыңғай есептеу орталығы (БЕО) арқылы коммерциялық ұйымның есеп-шотына түскендіктен, қызметтерге ақы төлеу жүйесі де сұрақ туғызып отыр. Жалпыүйлік трансформаторлық шағын станция да заң нормаларына қарамастан, осындай жекеменшік болып шықты.

– Бізде, - дейді тұрғындар, - подстанцияны қалалық органдар заңсыз түрде жекеменшікке қайта тіркегені туралы ақпарат бар. Пайдалануға беру актісі де қолдан жасалған.

Тұрғындар ғимараттарды әрлеу жұмыстарына да наразы. Аз уақыттың ішінде қымбат қасбет бұзылып жатыр. Үй ішіне қоюға уәде етілген жапондық Mitsubishi фирмасының сапалы лифтілерінің орнына арзан қытайлық «көшірме» орнатылған. Оның үстіне, КТК тұрғындары жүгінген құқық қорғау органдары соқыр көреалмаушылық пен немқұрайдылық танытқандай.

– Тұрғын үй ғимараттарындағы энергия тиімділігінің төмендігі, қызмет көрсету тарифтерінің ашық еместігі, - деп атап өтті партия мүшелері, - оның үстіне құрылыс салушылардың көптеген кемшіліктері мен басқарушы компаниялардың жауапсыздығы қосылған соң осының бәрі жиналып келіп, астаналықтардың өмір сапасына кері әсерін тигізуде.

Партиялықтар анықталған мәселелерді шешу үшін барлық шараларды қабылдауға ниетті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy