ҚХП депутаты әлеуметтік омбудсмен болып тағайындалды

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл атанды.

Әлеуметтік омбудсмен лауазымына Кенжеғұл Сейітжан кездейсоқ тағайындалған жоқ. Бұған дейін депутат ҚХП парламенттік фракциясымен бірге отандық шенеуніктердің кемшіліктерін бірнеше рет сынға алып, тұрмысы төмен және осал топ санатындағы азаматтарды, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды және мүгедектігі бар адамдарды қорғап, тағдыр талқысына түскен жандардың сөзін сөйледі. Бұдан өзге, мәжілісмен Әлеуметтік кодекске мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғайтын түзетулер енгізуге бастамашылық жасауды ұсынды.

– Қазір мемлекеттік қолдау көбінесе сәті түсе ме, түспей ме деген лотереяға ұқсайды, - деді ол. – Бір өкініштісі, екіншісі жағдай жиі қайталанады.

Жаңа тағайындаумен қатар, Кенжеғұл Сейітжан Мәжіліс депутаты ретінде жұмысын жалғастырады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy