Абайлаңыз, алаяқтар!

dep.jpg

Қазақстан Халық партиясы телефон және интернет-алаяқтық мәселесін көтеруде. ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов атап өткендей, киберқылмыстар шетелдік қуатты кәсіби халықаралық ұйымдасқан топтардың күшімен жасалады деп болжауға негіз бар.

– Шын мәнінде телефон алаяқтары әрбір ересек қазақстандыққа күдікті қоңыраулар соққаны анықталып отыр,- деп атап өтті Мәжіліс депутаты пленарлық отырыста сөйлеген сөзінде. –Алаяқтар өз құрбандарының жеке және банктік деректерін, кез келген азаматтың жұмыс орны мен туыстық байланыстары туралы ақпаратты да біледі.

Тек 2023 жылдың өзінде ғана ІІМ деректері бойынша, Қазақстанға жалған нөмірлерден соғылған 43 миллионнан астам (!) қоңырауға тыйым салынды. Finprom деректері бойынша 2022 жылы зардап шеккендердің қаржылық шығыны шамамен 96 миллиард теңгеге жетті . Зардап шеккендердің тек 2,5%-ы ғана өтемақы ала алды. Көптеген қазақстандықтар өз ЖК нысаны мен телефон нөмірлерін «жалға» беруді пассивті табыс көзі деп қателеседі.

Депутаттың пікірінше, Үкімет пен құқық қорғау органдарының киберқылмыспен күрестің ағымдағы шаралары дәрменсіз. Депутаттар қазірдің өзінде қазақстандықтардың мүдделерін қорғау үшін екінші деңгейлі банктер мен ұялы байланыс операторларына олардың инфрақұрылымының көмегімен жасалған алаяқтық схемалар үшін зардап шеккендерге келтірілген зиянның орнын толтыру түріндегі жауапкершілікті жүктеу бойынша нақты ұсыныстарын дайындап жатыр.

– Заң жобасындағы мұндай жауапкершілік қаулап келе жатқан кибер алаяқтыққа қарсы тұру үшін қаржы және телекоммуникациялық компаниялардың қуатты технологиялық ресурстарын іске қосуға мүмкіндік береді, - деп түсіндірді мәжілісмен.

Сонымен қатар, ҚХП фракциясының пікірінше, Ішкі істер министрлігі дропперлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселелерін жылдам реттейтін, соның арқасында интернет-алаяқтық нәтижесінде алданған қазақстандықтардың ақшасын ұрлап, жылыстайтын киберқылмыстың алдын алу және ашу бойынша пәрменді тетіктер құру бойынша жұмыстарды шұғыл бастауы керек.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy