Қазақстан Халық партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылын» атап өсуге өзіндік үлесін қосуда. Өңірлердегі партия филиалдарының өкілдері еңбек ұжымдарымен кездесіп, Құттықтау хат табыстау рәсімін өткізіп жатыр.
Осыған ретте, ҚхП Қызылорда облыстық филиалында «Қазақгаз Аймақ» АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлерімен кездесу өтті.
«Газдандыру халықтың өмір сүру сапасын және тұрмыс жағдайын жақсартуға оң ықпал ететіні белгілі», - деп атап өтті партия мүшелері.
Бүгінде облыста 11 елді мекен көгілдір отынға қосылса, облыс тұрғындарының 78 пайызы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген, ал газдандырылған ауылдар саны 46-ға жетті. Жыл басынан бері 4 елді мекенге газ тартылды. Бұл жетістікке компания командасының қосқан үлесі зор. ҚХП өкілдері ұжымды партия атынан құттықтап, лайықты еңбек үшін алғыс айтып, Құттықтау хат табыс етті.
– Жұмысшы мамандықтары жылы» – жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеруге, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Біз ұйымдастырып отырған құттықтау шарасы – жұмысшы мамандықтарға деген құрмет пен қолдаудың көрінісі, - дейді партиялықтар.
ҚХП Жамбыл облыстық филиалының басшылығы Жанат Бастаубаева мен Бөрібай Боранбаев «Жамбыл облыстық әлеуметтік оңалту орталығы» ММ және «ТаразЭнергоОрталық» АҚ-да болды. Партия мүшелері ұжыммен кездесіп, Құттықтау хаттарын табыс етті.
Партиялықтардың Атырау облыстық филиалындағы әріптестері «Атырау облысының су арнасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Құттықтау хаттарын тапсыру барысында партиялықтар қоғамда жұмысшы мамандықтардың танымалдығын арттырып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлау қажеттігін де атап өтті.