Парламентаризм институты онлайн талқылау өткізді. Жиында адвокаттық қызметке және заң көмегін көрсетуге қатысты заң жобасына енгізуге ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.
Айта кетейік, жұмыс тобын Мәжіліс депутаты, ҚХП фракциясының жетекшісі, кәсіби заңгер Магеррам Магеррамов басқарады. Ал заң жобасын Қазақстан Халық партиясының депутаттық фракциясы әзірледі.
Құжатқа адвокаттар мен заң кеңесшілерінің тәуелсіз болуына заңнамалық кепілдік беру міндеті жүктелген.
– Біздің мақсатымыз – адвокаттар мен заң кеңесшілері қызметінің рөлін арттыру, олардың тәуелсіздігіне кепілдік жасау және сол арқылы адам құқықтары мен бостандықтарын толыққанды қорғау үшін заңнамалық мүмкіндікті қамтамасыз ету, – деп атап өтті мәжілісмен.
Ұсынылған өзгерістер қазақстандықтарға көрсетілетін заң көмегінің сапасын айтарлықтай жақсартуға тиіс.
– Біз осы заң жобасы арқылы сот процестерінде қорғау және айыптау тарапының нақты бәсекелестігі мен теңдігін құруға ниеттіміз, – деді М. Магеррамов.