АЭС – болашақтың энергиясы

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб республиканың барлық аймағында халықпен кездесулер өткізуде. Оның қызметі еліміздің шалғай елді мекендерінде де қарқын алып келеді. Ал Қазақстан Халық партиясының спикерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына белсене қатысуда.

Шығыс Қазақстан облыстық ҚХП өкілдері Ангела Горностаева мен Жадыра Закарина Новая Согра ауылының тұрғындарымен кездесу өткізіп, атом электр станциясын салудың қаншалықты қажет екенін түсіндірді.

1

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Осы ретте АЭС құрылысы энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін және болашақта елімізді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету жолындағы перспективті қадам саналады, – деді Горностаева.

3

Ақпараттық-түсіндіру бағытындағы мұндай кездесу Қонаев қаласындағы №3 орта мектепте де өтті. Жиын барысында атом электр станциясының экономикалық және экологиялық артықшылықтары айтылды. Ұстаздар қауымы атом энергетикасының республиканың энергетикалық саясатына қосқан үлесін жоғары бағалап, жобаны қолдайтындарын жеткізді. Жамбыл облысында АЭС құрылысын қолдаушылар Жуалы ауданының тұрғындарымен, сондай-ақ жергілікті Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, 6 қазанда өтетін референдум мәселесін талқылады.

4

5

– Атом электр станциясының құрылысы Қазақстанның ұзақ жылдар бойы табысты дамуына кепіл бола алатын серпінді жоба, - деп атап өтті шараны ұйымдастырушылар.

6

ҚХП атынан Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Айдын Қалабаев Тараз қаласындағы №3 кәсіптік колледж студенттерімен жүздесті. Кездесуде Халықтық штаб өкілдері жастарға атом энергетикасының барлық артықшылықтарын түсіндірді.

7


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy