АЭС – экологиялық таза қуат көзі

Халықпен, еңбек ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдармен кездесулер – бұл жұмыс ауқымын ҚХА Түркістан облыстық филиалының мүшелері халықпен, оның ішінде еңбек ұжымдарымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Филиал басшылығы АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың құрамына еніп, қазір облыс тұрғындарына еліміз үшін атом энергетикасының неліктен маңызды екенін түсіндіріп жатыр.

Штаб мүшесі, ҚХП жергілікті филиалы төрағасының орынбасары Ысқақ Ахметов Түркістан қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелерімен жүздесті. Кездесуде АЭС құрылысының мемлекеттік маңызы тақырыбы талқыланды. Сонымен қатар, штаб өкілдері Шардара ауданына барып, «Атамекен» кәсіпкерлік орталығында кәсіпкерлерімен әңгімелесті.

1

«Атом электр станцияларын салудағы басты мақсат – еліміздің энергетикалық әлеуетін күшейту. Бүгінде елімізде электр энергиясының тапшылығы байқалып отыр әрі жылдан жылға тапшылық көлемі артып келеді», - деді спикерлер.

Ұйымдастырушылар кәсіпкерлерді еліміздің одан әрі гүлдене түсуіі үшін алдағы референдумда дұрыс шешім қабылдауға шақырды.

Штаб өкілдері Шардара ауданындағы «Хамит» АӨК балық өңдеу зауытына да барды. Шара барысында олар былтырдың өзінде Қазақстан Ресейден шамамен 100 млрд теңгеге 3,4 млрд кВт/сағ электр энергиясын импорттағанын айтты. Нақтырақ айтқанда, электр энергиясын сатып алудың орташа көтерме бағасы 1 кВт/сағ үшін шамамен 28 теңге болды.

«Бұл белгіленген жоспардан тыс импорт болды. Қазір электр энергиясы қымбаттап жатыр, оның салдары тұтынушыларға, халыққа және бизнеске тікелей әсерін тигізеді», - деп атап өтті олар.

Әзірге электр энергиясы импортына тәуелділікті жоюдың бірден-бір жолы – атом электр станцияларын салу. Спикерлер компания қызметкерлерінен 6 қазанда дауыс беру кезінде осы факторларды ескеруді сұрады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy