АЭС – ел экономикасының дамуына тың серпін береді

Қазақстан халық партиясы аймақтардағы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді түрде жалғастыруда. АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб аясында партия мүшелері халыққа отандық атом энергетикасын дамытудың барлық артықшылықтарын түсіндіріп жатыр.

Абай облыстық ҚХП белсендісі Ерлан Кеңесбаев өңірлік штабтың барлық дерлік ақпараттық-ағартушылық шарасына қатысып келеді. Сондай кездесулердің бірі Семей медицина университетінің студенттерімен болды.

1

2

«Атом электр станциясы еліміздегі экономикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Оған қоса АЭС жобасы энергетикалық тәуелсіздікке жеткізіп, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға да септігін тигізеді», - деп түсіндірді Кенесбаев жастарға.

Сонымен қатар Семейдегі Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінде де сайлаушылармен кезекті кездесу өтті.

4

5

«Атом электр стансасын салу мәселесі – еліміздің болашағы үшін ең маңызды мәселе. Жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, станция орналасқан аймақтағы инфрақұрылымның дамуына әсер етеді», - деп атап өтті партия мүшесі.

Осындай іс-шаралар Семей қаласының Жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледжі мен Шәкәрім атындағы университетте де өтті. Штабқа өкілдері қалалық кәсіподақ өкілдерімен және жергілікті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен, сондай-ақ «Қазполиграф» ЖШС қызметкерлерімен жүздесті.

6

7

«Атом электр стансасы үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады, бұл халқы көп аймақтар үшін маңызды. Сонымен қатар, атом электр станциялары парникті газдарды аз шығарады, осылайша, климаттың өзгеруіне қарсы күресте де маңызды рөл атқарады, - деді Кеңесбаев.

Ақпараттық жұмыстар 5 қазанға дейін, яғни, жалпыхалықтық референдум алдындағы «тыныштық күніне» дейін жалғасады.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy