ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамовтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда. Ол АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы аясында сайлаушыларға ақпараттық жұмыс жүргізіп, елімізде атом энергетикасын дамыту қажеттігін түсіндіріп жүр.
Сондай танымдық кездесулердің бірі Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Тоқушы ауылындағы жергілікті орта мектепте өтті. Ұстаздар мен ауыл тұрғындары алдында сөз сөйлеген мәжілісмен атом электр станциясының елге тигізер пайдасы жөнінде айтып берді.
– Атом электр станцияларының артықшылығы олардың ауа райы жағдайына тәуелсіз бола отырып, көпке дейін энергия көзін өндіре алуында. Бүгінде әлемнің жетекші экономикасы саналатын заманауи мемлекеттер ядролық технологияларды басқа салаларда да қолданып отыр, – деді ол.
Жылумен қамту, медицина, ғылым, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа салалар бойынша АЭС-тің берер пайдасы көп. Қазақстан да дамыған және өркендеген елдерден үлгі ала алып, осы жобаны жүзеге асыруы тиіс.
Депутат Мағжан Жұмабаев атындағы ауданға барып, Булаеводағы аудандық аурухана ұжымымен кездесу өткізді. Жиналғандардың сұрақтарына жауап берген мәжілісмен атом энергетикасын дер кезінде қолданбасақ елде азаматтардың өмір сүру деңгейі бұрынғыдай болмайтынын айтты. Демек, жалған радиофобиялық мифтерден гөрі осы мәселенден қорыққан жөн.
– АЭС болмаса электр қуатының жиі өшуі үйреншікті жағдайға айналады. А бұл бәрімізге ыңғайсыз болары сөзсіз. Өйткені бүгінде біздің бүкіл өміріміз, телефон мен ноутбуктен бастап, ас үй пеші мен кір жуғыш машиналарға дейін – электр қуатына байлаулы, – деді Магерамов.
Сондай-ақ Қарақоға ауылының Мәдениет үйінде өткен шарада партия мүшесі сайлаушыларды АЭС салуды қолдап дауыс беруге шақырды.
– Елде жыл сайын артып келе жатқан энергия тапшылығы мен көрші елдерден электр энергиясын импорттауға тәуелділікті жоюдың бірден біржолы – отандық атом электр станциясын құру. Бұл Қазақстанның болашағы, бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің келешегі, – деді Фракция басшысы.