АЭС – энергия тапшылығын болдырмаудың кепілі

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб құрамындағы ҚХП өкілдері Шығыс Қазақстан облысында халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ШҚО-дағы Халықтық штаб белсенділері өзге де іс-шаралармен қатар ҚР Ұлттық ұланының N5518 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесу ұйымдастырды. Өскемен қалалық ҚХП мәслихатының депутаты Ангела Горностаева сарбаздар алдында сөз сөйлеп, елімізде қазірдің өзінде электр қуаты тапшы екенін және оның алдағы уақытта тек ұлғая түсетінін атап өтті.

1

– Елдегі барлық генерацияның 70%-ға жуығы көмір станцияларына тиісті. Бірақ, олардың көбінің тозығы жеткен. Ал оларды алмастыру үлкен инвестиция мен көп уақытты қажет етеді. Бұл АЭС-тің салудың қажеттілігін айқындайтын дәлелдерінің бірі, – деп нақтылады ҚХП депутаты.

Ұйымдастырушылар қатысушыларға радиоактивті қалдықтарды кәдеге жарату әдістері, апат болған жағдайда атом электр станциясын қорғау және отандық атом саласы мамандарының қалай дайындалатыны жөнінде айтып берді.

7

Сонымен қатар, Ангела Горностаева қаладағы орталық Мәдениет үйінің қызметкерлерімен жүздесті. Депутат ОМҮ қызметкерлеріне АЭС салудың маңызын түсіндіріп, барша азаматты референдумға қатысуға шақырды. Кейінірек Горностаева Халықтық штабтың басқа белсенділерімен бірге «Есіктен есікке» ақпараттық науқанына қатысып, көпқабатты үйлердің тұрғындары арасында АЭС құрылысы жөнінде үгіт-насихат жүргізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy