АЭС құрылысы бойынша шешім қабылдау процесіне халықтың қатысуы маңызды

dep.jpg

Ақтөбе облыстық Халықтық штабы «Пром Маркет» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Спикер Марат Нұраев Қазақстандағы атом электр станциялары құрылысының негізгі аспектілері мен алдағы референдумның маңызын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жиынға қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, спикерлер оларға жан-жақты жауап берді.

– Біз қазір елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қатысты өте маңызды тақырыпты талқылап жатырмыз. Қазақстандағы атом энергетикасының дамуы туралы соңғы жаңалықтарға орай, азаматтарды шешім қабылдау процесіне қатысу тарту алдаяғы референдум қарсаңындағы нағыз қажетті шара, - деп атап өтті Халықтық штаб өкілі.

Бұл кездесу қатысушыларға Қазақстанның болашағындағы атом энергетикасының рөлін жақсырақ түсінуге, түрлі күмәннан арылуға және ел дамуы жолында таңдау жасауға мүмкіндік беретін мазмұнды әрі пайдалы болып өтті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy