АЭС құрылысы – еліміздің алдағы даму векторын айқындайтын стратегиялық қадам

Қазақстанда атом электр станциясын салу жөніндегі референдум – ел болашағы үшін аса маңызды оқиғалардың бірі. Заманауи, дамыған Қазақстанда тұрақты отандық энергия көзі болуы керек, бұл қуатты индустриялық базасы мен қуатты экономикасы бар мемлекетті құрудың алғышарты.

АЭС құрылысы бойынша Халықтық штаб мүшелерінің жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстары аса қажет шара. Сол арқылы халық оның түпкі себептерін түсініп, атом электр станциясын салудың қажеттілігін ұғынады.

Халықтық штабтың мүшесі Олжас Ибраимов Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайының қызметкерлерімен, «Банк Центр Кредит» АҚ ұжымымен кездесті, сондай-ақ Жетісу өңіріндегі журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Олжас Ибраимов халықпен АЭС туралы ашық диалог құрып, күмән тудыратын жалған ақпараттарды жоққа шығарды. Елдің энергетикалық қауіпсіздігі, экологиялық таза технологиялардың маңызы және АЭС жобасын жүзеге асыруға байланысты экономикалық перспективаларды талқылау арқылы азаматтар жан-жақты ойланып, дұрыс шешім қабылдауға ұмтылады.

1

Осы ретте штаб өкілі 6 қазанда өтетін республикалық референдум әрбір азаматтың өз ұстанымын білдіруі үшін маңызды мүмкіндік екенін атап өтті.

– Әрқайсыңыздың дауысыңыз Қазақстанның болашағына қосылған үлес. Әрбіріміз өз таңдауымыз үшін жауаптымыз. Бүгін біз өз ертеңімізді ғана емес, балаларымыз бен немерелеріміздің болашағын қалыптастырамыз. Атом электр станциясының құрылысы – еліміздің алдағы жылдардағы даму векторын айқындайтын стратегиялық қадам. Бұл тұрақты, сенімді әрі қауіпсіз бағыт, - деп түйіндеді Халықтық штабтың мүшесі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy