АЭС құрылысы – жарқын болашақ кепілі

Қазақстан жақында АЭС құрылысы бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Бұл маңызды оқиға ел дамуының алдағы белестерін айқындамақ. Азаматтардың жан-жақты сараланған дұрыс шешім қабылдауы үшін АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өкілдері халықпен жұмыс істеп, атом энергетикасының артықшылықтарын түсіндіруде.

Тараз қаласындағы №5 аумақтық округінің тұрғындарымен өткен кездесуде қалалық Халықтық штабтың мүшесі Арман Бейсенбай алдағы референдумның мақсатына тоқталды.

1

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атом электр станциясын салуға қатысты шешімді халық өзі қабылдауы үшін референдум өткізуді тапсырды», - деді спикер.

Кездесу барысында энергия тапшылығы мәселесі және атом электр станцияларының экономика мен әлеуметтік жағдайға тигізетін пайдасы жөнінде де айтылды.

2

Соңында азаматтар өздерін толғандырған сауалдарына жан-жақты жауап алып, пікір білдірді.

Облыс орталығы мен ірі қалалардағы жұмыстардан бөлек, аудандар мен ауылдарда да үгіт-насихат белсенді жүргізілді. Себебі әрбір қазақстандық тұрғылықты жеріне қарамастан референдум мен АЭС жөнінде толық ақпарат алуы тиіс.

Аудандық Халықтық штабтың мүшесі Жәнібек Исаев өңірлерге сапары кезінде Жуалы ауданы, Билікөл ауылдық округіне қарасты Әбдіқадір ауылының тұрғындарымен кездесті.

3

– Электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі бүкіл облысқа ортақ. Энергия тапшылығы жаңа өндірістердің ашылуына үлкен кедергі болып отыр. Бұл мәселелердің шешімі атом электр станциясы болмақ», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ атом электр станциясы жобасының арқасында мыңдаған жоғары білікті және жалақысы жоғары жұмыс орындары ашылатыны, инфрақұрылым дамып, жаңа мектептер, ауруханалар, әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер және тағы да басқа қажетті ғимараттар салынатыны айтылды.

4

Бұл жоспарларды жүзеге асыру үшін 6 қазанда сайлау учаскесіне барып, референдумда дауыс беру жеткілікті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy