АЭС құрылысын қолдаушыларының саны артып келеді – сауалнама

dep.jpg

Қазақстанда атом электр станциясын салуды жақтаушылар саны артып келеді. Бұған NIA Демократия институты жүргізген телефон сауалнамасының нәтижесі дәлел.

Сауалнама Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысымен ұйымдастырылды. Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан 18 жастан асқан 1200 респондент қатысты.

Қатысушылардың 62%-ы жалпыхалықтық референдумға қатысуға ниетті екенін білдірсе, 19%-ы бас тартты, ал 18,7%-ы әлі шешім қабылдамаған.

«...Жалпы респонденттердің басым бөлігі – 72,9%-ы атом электр станциясын салу идеясын қолдайды. «Қазақстанда АЭС салу идеясына көзқарасыңыз қандай?» деген сұраққа респонденттердің шамамен үштен екісі оң көзқарас білдірді...», - делінген зерттеу нәтижесінде.

Дегенмен, ядролық жобаны қолдамайтындар да болды.

«...Респонденттердің 22,3%-ы атом электр станциясын салу идеясына теріс көзқарас білдірді; 4,8%-ы жауап беруге қиналды....», - деді зерттеушілер.

Зерттеушілердің пайымдауынша, бұл үрдіс жалғаса берсе, АЭС құрылысын қолдаушылар саны 6 қазанға дейін тағы артуы мүмкін. Бұл нәтижеде қазақстандықтар арасында белсенді түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб белсенділерінің үлесі зор.

Қазақстан Халық партиясы да осы штабтың құрамына еніп, басынан бастап үгіт-насихат жұмыстарына белсене қатысып келеді. Партия мүшелері ең алдымен республика азаматтарына үндеу жасап, онда отандық ядролық жобаны қолдауға шақырған болатын.

«...Осы ретте халқымыз өзінің ең асыл қасиеттерін – патриотизм, азаматтық сана, рационализм және объективтілік танытуы тиіс...», - деген еді ҚХП өз үндеуінде.

Партия өз сайлаушыларын ел игілігі жолында жан-жақты сараланған дұрыс шешім қабылдауға шақырады. Яғни, атом электр станциясы құрылысын қолдап дауыс беру қажет.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy