АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб барлық сұраққа жауап береді

Референдумға санаулы күндер қалды, соған байланысты Халықтық штабтың мүшелері жұмыс қарқынын арттыруда. Штаб белсенділері күнделікті еңбек ұжымдарымен кездесу, ақпараттық буклеттер тарату, үй-үйді аралап, азаматтардың сұрақтарына толыққанды жауап беру сияқты жұмыстарды атқарып келеді.

Астанада АЭС салуды қолдау жөніндегі қалалық Халықтық штаб мүшелері «Халыққа қызмет көрсету орталығы» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ ұжымымен кездесті.

Спикерлердің басты міндеті – АЭС-тің қажеттілігінің себептерін, оның функционалдық аспектілерін, азаматтардың референдумда дауыс беруге қатысуының қаншалықты маңызды екенін түсіндіру.

1

– Қазақстан энергетикалық тапшылықтың аз-ақ алдында тұр. Ал оның салдарынан өнеркәсібіміз тоқырауға ұшырайды. Өнеркәсіп дамымайынша, экономиканы қалпына келтіру мүмкін емес, сәйкесінше біздегі азаматтардың өмір сүру сапасы да төмендейді. Алдағы бірнеше онжылдыққа сеніммен қадам басып, лайықты өмір сүру үшін, біз қазірден бастап атом электр станциясының құрылысын қолдап, жарқын болашаққа жол салуымыз керек, - деп нақтылады Халықтық штаб мүшелері.

Кездесу соңында штаб өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталығына келген барлық адамға ақпараттық буклеттер таратты.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy