АЭС салынса электр қуатының құны қымбаттамайды

Қарағанды облыстық Халықтық штабының өкілдері, ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаттары жергілікті партия өкілдіктерінің жетекшілерімен бірлесе отырып, халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықты АЭС құрылысын қолдап дауыс беруге шақыруда.

Қарағанды ​​қалалық мәслихатының депутаты Анатолий Баранов өңірде бірқатар кездесу өткізіп, баяндама жасады. Атап айтқанда, «Сарыарқа Трейд» ЖШС мен «Петройл» ЖШС ұжымы, «Real» мен Қазыбек би аудандық пробация қызметінің қызметкерлері, «ЮТАРИЯ LTD» ЖШС және «Қазпошта» АҚ қызметкерлерімен кездесті. Партия мүшесі әріптестерімен бірге Магнитогорская көшесіндегі жанар-жағармай құю бекеттерін де аралап шықты. Аталған шаралардың барлығында депутат АЭС салудың маңызы жөнінде, еліміздің энергетикалық саласын дамыту жоспарлары туралы және энергия импортына тәуелділікті азайту туралы айтып берді.

2

3

– АЭС Қазақстанды энергетикалық тәуелсіздікке жеткізіп қана қоймай, ел экономикасын дамытуға ықпал етеді. Атом электр станциясының арқасында еліміз экологиялық таза әрі арзан электр энергиясына қол жеткізеді. Ал бұл электр энергиясы тарифінің қымбаттауын болдырмауға көмектеседі, – деді ол.

1

Сондай-ақ, ҚХП және «Ауыл» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Қарағанды ​​жоғары политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті. Партия мүшелері қатысушыларға елімізде АЭС салудың маңызды екенін дәлелдер ұсына отырып түсіндірді. ҚХП мүшесі, депутат Жан Серікұлы ядролық энергетиканы дамытудың экологияға, инфрақұрылымға және станция салынатын болжамды орынға қатысты жиі талқыланатын мәселелерге кеңінен тоқталды.

Балқаш ҚХП филиалының өкілі Қаныш Ысқақов қаладағы Ағыбай батыр атындағы Оқушылар сарайының қызметкерлерімен ақпараттық шара өткізді. Сонымен қатар, көпбалалы аналармен және жергілікті дәрігерлермен де жүздесу ұйымдастырды.

4

– Атом электр станциясының құрылысы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп электр қуатының тапшылығын азайту үшін қажет, - деп бірнеше рет атап өтті Ысқақов өз сөзінде.

Сондай-ақ, АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб өкілдері Қарағанды ​​облысының Осакаров және Нұра аудандарына барды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy