АЭС – сенімді әрі қауіпсіз жоба

Қостанай облыстық АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың өкілдері «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Шараға Қазақстан Халық партиясының мүшелері белсене қатысты.

ҚХП Қостанай облыстық филиалының белсендісі Ләйлә Бексейітова акция барысында елуден астам отбасында болды. Оларға ақпараттық кітапшалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап берді. \

1

АЭС салу тақырыбы жалпыхалықтық референдумға шығарылды. Енді отандық атом энергетикасының тағдырын республика азаматтары өзі шешуі тиіс. Қазақстанда электр қуаты тапшылығы жыл сайын артып келеді, сәйкесінше, көрші елдерден электр энергиясын импорттауға мәжбүр болып отырмыз. Кеңестік заманнан қалған көмір жағатын жылу электр станцияларының 70-80% тозған, яғни, енді елдің өнеркәсіптік және коммуналдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды.

Халықты бірінші кезекте атом электр станцияларының қауіпсіздігі мәселесі қызықтырады.

– Адамдар Чернобыль АЭС-інде және Фукусима-1-де болған қайғылы оқиғалардың қайталануынан қорқады. Бірақ аталған АЭС-тар өткен ғасырдың 70-жылдары салынғанын еске салғым келеді. Ал заманауи АЭС-те зиянсыз және қоршаған ортаға қауіп төндірмейтін жаңа технологиялар, үшінші буынды реакторлар қолданылады, – деп атап өтті ҚХП белсенділері.

Бұған қоса, МАГАТЭ мен басқа да халықаралық ұйымдар Қазақстандағы АЭС құрылысын қатаң бақылау арқылы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмауға көмектеседі.

– Біз үшін жеке энергия көздерінің болуы маңызды. Бұл – энергетикалық тәуелсіздігіміздің кепілі!, – деп атап өтті партия мүшелері.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 6 қазанында өтетін жалпыхалықтық референдум кезінде қазақстандықтар елімізде АЭС салу немесе салмау бойынша шешім қабылдайды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy