АЭС: Түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жамбыл облыстық АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабының өкілдері облыс тұрғындары арасында бірқатар танымдық шара ұйымдастырды. Оған ҚХП жергілікті филиалының төрағасы Жанат Бастаубаева мен өзге де ҚХП мәслихат депутаттары белсенді қатысуда.

Жақында белсенділер Жамбылдағы мектептердің ұстаздарымен кездесті. Партия мүшелері мұғалімдерге Қазақстанның атом энергетикасының болашағы туралы айтып берді.

4

– Еліміз үшін өте өзекті АЭС тақырыбы бойынша мұғалімдердің жан-жақты ақпарат алуы өте маңызды. Олар бейбіт атомның барлық артықшылығын түсініп, қоғамды толғандырып отырған сұрақтарға жауап алуы тиіс, – деді ұйымдастырушылар.

5

Сонымен қатар, ҚХП өкілдері Көкбастау ауылына барып, кездесу өткізді. Олар ауыл тұрғындарына АЭС-тің ел экономикасына тигізетін пайдасы жөнінде түсіндірді.

6

– АЭС – барлық коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды тұрақты және таза энергиямен қамтамасыз етіп, тұрақты түрде жылу мен электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді, - деді партия мүшелері.

Келесі кездесу орны Т.Рысқұлов атындағы Құлан агротехникалық жоғары колледжі болды. Спикерлер мекеме ұжымын АЭС құрылысына дауыс беруге шақырып, қойылған сұрақтарға жауап берді. ҚХП мүшесі, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты Айдын Қалабаев энергетика саласының мамандарымен кездесу өткізіп, ядролық жобаның экологиялық, экономикалық және саяси мәнін кеңінен талқылады.

Ал Жамбыл облысының жұртшылығымен өткен кездесуде партия мүшелері басқа қоғамдық ұйымдардағы әріптестерімен және Парламент депутаттарымен бірлесіп, халықты референдумға белсенді қатысуға шақырды. Сондай-ақ, алдағы референдумда елдің энергетикалық секторын қайта құру және оны одан әрі дамыту бағдарлары айқындалатынын айтып, шешімді жан-жақты саралай отырып қабылдау қажет екенін еске салды.

7

Аса ауылындағы (Жамбыл ауданы) «Амангелді газ өңдеу зауыты» және «Аудандық электр желісі» ЖШС штаб ұжымы мен қызметкерлері арасында пікірталас өтіп, партия мүшелері республикадағы бірқатар маңызды мәселені шешу үшін АЭС салу қажеттілігін түсіндірді. Атап айтқанда, парникті газ шығарындыларын азайту, қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету және т.б. Сонымен қатар, штаб өкілдері Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттерімен және оқытушыларымен жүздесті. Өз кезегінде Жанат Бастаубаева №16 Жуалы колледжінің ұжымымен жеке кездесіп, атом энергетикасының артықшылықтарын түсіндірді. Ал Айдын Қалабаев Талас ауылындағы Н.Гоголь атындағы орта мектепке барды. Ол кездесу барысында басшылықпен және ұстаздар қауымымен Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың қажеттілігі туралы әңгімелесті.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy