АЭС – жарқын болашақ пен тұрақты даму кепілі!

Солтүстік Қазақстан облысында ҚХП атынан сайланған мәслихат депутаты Болат Қожахметов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың құрамына енген болатын. Осы аптада ол студенттермен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, банк қызметкерлерімен және т.б. бірқатар кездесу өткізіп, қатысушыларға атом энергетикасының артықшылықтарын және оның республика үшін маңызы зор екенін түсіндірді.

1

Петропавлдағы Жоғары құрылыс және экономика колледжінде өткен шараға оқытушылар да, студенттер де қатысты. Спикер өз сөзінде, шешімді еліміздің энергетика саласындағы жағдайды объективті түрде бағалай отырып қабылдауға шақырды. Жиналғандар өз тарапынан АЭС-тің экологияға зияны бар-жоғы, оның қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері, электр энергиясының бағасы, адам ресурстары және жалпы бейбіт атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, Халықтық штаб көпсалалы облыстық аурухананың медицина қызметкерлері бригадасымен кездесу ұйымдастырды. Қожахметов халық санының артуы әсерінен энергетикалық қажеттіліктің көбеюі, экономика саласына әсері сынды нақты дәлелдер келтіре отырып, бейбіт атомды дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар, атом энергиясына қатысты мифтер мен жалған ақпараттарды дәлелді түрде жоққа шығарды.

«АЭС құрылысы – республикамызды энергетикалық тәуелсіздікке жеткізіп, ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді», - деді ҚХП депутаты.

3

«Халық банкінің» жергілікті филиалының ұжымымен болған кездесуде олар АЭС идеясын құптайтынын жеткізді. Қатысушылар еліміздің экономикасы мен тұрақтылығы үшін ядролық жобаның маңызы мен өзектілігі, дамыған елдердегі АЭС қызметінің нақты мысалдары, бейбіт атомды бейбіт мақсатта пайдаланудың ауқымы мен перспективалары жөнінде дәріс тыңдады.

Қожахметов И.Дәуітов атындағы Қызмет көрсету саласы колледжінің ұжымымен болған кездесуде референдумның саяси маңызына да тоқталды.

«Теңгерімді қуат көздерін, энергияны шоғырландыру жүйелерін құру үшін тың шешімдер қабылдау қажет. Бұл ретте әрбір азаматтың дауысы маңызды», - деді партия мүшесі Мемлекет Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін алға тартып.

Халықтық штабтың шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен шарасы танымдық жағымен ерекшеленді. Кәсіпкерлерді Қазақстанның энергожүйесін дамытудың мультипликативтік әсері, кадрлық әлеуеті және заманауи АЭС-тің жоғары технологиялық қорғау жүйелері мәселелері қызықтырды.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy