Қазақстан халық партиясының парламенттегі фракция депутаттары өңірлерге аттанды. Мәжіліс депутаттары тұрғындармен кездесіп, еңбек ұжымдарына, өндірістік және әлеуметтік нысандарға барады, сондай-ақ, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
ҚХП фракциясының жетекшісі , депутат Магеррам Магеррамов Павлодар облысына барды. Ол мұнда облыстық мәслихат төрағасы Иван Теренченкомен кездесті. Төраға құрамына 5 партия өкілдері кіретін ( оның ішінде ҚХП жергілікті филиалының басшысы Илья Мухортов бар) облыстық мәслихаттың жұмысы туралы, сондай-ақ, жергілікті жерлерде депутатттық қызметті жаңғырту жоспары жайында айтып берді. Өз кезегінде Магеррам Магеррамов Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдар ішінде өкілдік органдарда түрлі партияның алғаш рет топтасқанын атап өтті.
– Әрине, жұмыс топтарында, комитеттердің және пленарлық отырыстарда өзара қызу пікір таластырамыз, - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты, - алайда, біз ортақ бір мәмілеге, келісімге келіп, еліміздің және азаматтардың игілігіне бағытталған шешім қабылдау үшін жұмыс істейміз.
Парламент Мәжілісінің депутаты сессияның басында Мәжілісте 179 заң жобасы болғанын айтты. Оның 102-сі қабылданды. Сондай-ақ, ол өз сөзінде жұмыс сапары барасында жергілікті мәслихаттармен қарым-қатынас орнатуға тырысатынын жеткізді.
- Халықпен тікелей жұмыс істейтін жандармен кездесу біз үшін өте маңызды,- деп атап өтті Магерррамов. - Сіздер елдің ортасында жұмыс істеп, өңірлердегі проблемаларды және біз қабылдайтын заңдардың құқықтық қолдану тәжірбиесін өте жақсы білесіздер.
Мәжіліс депутаты қазір Парламентте жаңа жүйенің енгізілгенін түсіндіріп өтті – өңірлерге сапарлардың қорытындысы бойынша әр фракция Үкіметке жолдайтын ұсыныстарын жинақтайды. Ал Үкімет оны сындарлы түрде қарауға міндетті.
- Заң бойынша қазір біздің кез-келген министрді орнынан алу туралы мәселе көтеруге құқығымыз бар, - деп депутат еске салды. – Менің ойымша, министр оны жақсы түсінеді деп ойлаймын.
Өңірлерге сапарлардың нәтижесі күзде Мәжілістің пленарлық отырыстарының бірінде қорытындыланады.