Аймақтарда Президент жолдауы талқыланды

Қазақстан Халық партиясының облыстық филиалдары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында халықпен кездесулер өткізіп жатыр.

Осы іс-шаралар аясында Балқаш қалалық мәслихатына ҚХП атынан сайланған депутат Александра Аглюкова «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жергілікті филиалының ұжымымен кездесті. Президент Жолдауында айтылған 9 бағыт бойынша алда жүзеге асырылуы тиіс міндеттер талқыланды.

– Мемлекет басшысы айтқан барлық міндет азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған! Оның ішінде экономиканы білікті кадрлармен қамтамасыз етуге ерекше мән беріліп отыр. Бұл ең өзекті міндеттердің бірі, – деп атап өтті ол.

ҚХП Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ысқақ Ахметов әріптестерімен бірге Түркістан қаласындағы «Талғат» ЖШС ауруханасында болып, Жолдауды түсіндіру мақсатында ұжыммен кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар, партия мүшелері Семей ядролық полигонының ардагерлерімен осы тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. ҚХП Павлодар облыстық филиалының белсенділері зейнеткерлермен және колледж студенттерімен Президент Жолдауын талқылады. Аға буын ауыл шаруашылығы, бұқаралық спорт және білім саласын дамытуға қатысты мәселелерді нақтылады. Жастар жағы жұмысшы мамандардың беделін арттыру бағытындағы міндеттерге қызығушылық танытты.

Қарағанды ​​облыстық мәслихатына ҚХП атынан сайланған депутат Жан Серікұлы «Табыс орталығы» ЖШС-ның жұмыс тобымен кездесу өткізді. Қызметкерлер қызу пікірталас жасап, экономикалық өсім қоғамдағы теңсіздік азайып, орта таптың нығаюы және азаматтардың кіріс деңгейінің өсуі арқылы жүзеге асуы тиіс екенін айтты.

1

– Енді мемлекеттік қолдау шынымен мұқтаж жандарға бағытталатын болады. «Әлеуметтік әмиян» тетігі енгізілгенде қазақстандықтардың нақты кірістері ескерілетін болады, – дейді Табыс орталығының қызметкерлері.

2

ҚХП Алматы қалалық филиалының өкілдері партиялық мәслихат депутаттарымен бірге «Caspian Beverage Holding» ЖШС ұжымымен кездесті.

– Жалпы, бизнес қоғам сұранысынан бөлек өмір сүре алмайды. Ол әлеуметтік ортаны қалыптастыруда, сондай-ақ халықты қажетті тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады, – деді филиал төрағасы Нұрсұлтан Шоқанов.

3

ҚХП Жамбыл облыстық филиалының жетекшілері Тараз қаласындағы Жамбыл жоғары медициналық колледжінің қызметкерлерімен, ал ҚХП Жетісу өңірлік филиалы кеңесінің өкілі Сәуле Биғарова Талдықорған қаласындағы аз қамтылған және көп балалы отбасыларға арналған «Жанұя» әлеуметтік орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy