Активтер де, кірістер де елге қайтарылады

Заңсыз шығарылған активтер Қазақстанға қалай қайтарылады? Осы мақсатта қазір құқық қорғау органдарына арналған әдістемелік құрал жасалуда. Бұл туралы ҚХП -нан сайланған Мәжіліс депутаттарына ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев айтты.

Қазақстан мен Кипр арасындағы құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялау мәселесін талқылау барысында ҚХП парламенттік фракциясының жетекшісі, депутат Магеррам Магеррамов заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару әдістеріне қызығушылық танытты. Айта кету керек, осыған қатысты Мәжіліс жақында тиісті заң жобасын және ілеспе заңнамаға түзетулер мен толықтырулар қабылдаған еді.

  • Біз қылмыстық кодекске активтер деп тек иемденіп алған мүлікті ғана емес, одан түскен кірісті де көрсететін норма енгіздік, - деп еске салды мәжілісмен. Келісімде кез келген заттар мен құжаттарды тінту, алу және беру туралы өтініште осы әрекеттерді негіздейтін мәліметтер болуы керек делінген. Тәркіленген мүліктен кірісті қалай анықтаймыз және оның шығу тегін қалай негіздейміз?

  • Бас прокурордың орынбасары бұл мәселені өте маңызды деп, заңсыз, артық кірісті және т.б. анықтауда ең бастысы объективтілікті сақтау керектігін баса айтты.

  • Осы мақсатта Бас прокуратура Бәсекелестікті қорғау агенттігімен бірлесіп арнайы әдістемелік құрал әзірлеп жатыр, - деп түсіндірді ол. – Бұл қылмыстық істерді, заңсыз активтерді алу фактілері бойынша тергеушінің дұрыс және жылдам шешім қабылдауы үшін қажет.

  • Шындалиевтің айтуынша Қазақстанның құқық қорғау органдарында қаражаттың заңсыз шығу тегін анықтау үшін барлық құралдар жиынтығы бар көрінеді. Қаржыландыру көздерін ашық зерделеуден және аударымдар мен мәмілелерді талдаудан бастап, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге дейін, яғни құжаттарды алу, аудит, бухгалтерлік және экономикалық сараптамалар секілді тағы басқа қажетті шешімдер бар.

– Егер біз осы жұмыс барысында шетелге заңсыз аударылған қандай да бір активтерді анықтасақ, онда жасалған келісімдер шеңберінде біз шетелдік серіктестерден көмек сұрай аламыз, - деп түйіндеді Бас прокурордың орынбасары. – Серіктестер бізге активтердің заңдылығын тексеруге және шығу тегіне байланысты оларды қайтаруға көмектеседі.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy