Республикада Қазақстан Халық партиясының бастамасымен «Дара Тұлға» акциясын өткізу жалғасуда. Мәдени-ағартушылық сипатқа ие аймақтық акция аясында мәдениет қайраткерлерімен, спортшылармен, ғалымдармен және басқа да танымал азаматтармен кездесулер, сондай-ақ мұражай экскурсиялары, кітапханаларға бару, әдеби және музыкалық кештер және т.б. жоспарланған.
ҚХП Алматы облыстық филиалы Қаскелең қаласының жастарына арнап іс-шара ұйымдастырды. Партиялықтар кездесуге белгілі қазақстандық өнер қайраткері, домбырашы, күйші композитор және дирижер Нұрғиса Тілендиевтің зайыбы, киноактриса, ҚР еңбек сіңірген әртісі Дариға Тілендиеваны шақырды. Ақылды әйел атақты күйеуінің есімін қастерлеп, қадірін кетірмей сақтап келеді. Ол Н.Тілендиев атындағы Халықаралық қоғамдық қорды басқарды, сондай-ақ «Тұлға және уақыт - Нұрғиса Тілендиев» өмірбаяндық кітабының тең авторы болды.
Кездесу барысында Қаскелең жастары Қазақстанның музыка классигінің өмірі мен тағдыры туралы көптеген тың деректер естіді.