Астана қаласы мәслихатына Қазақстан Халық партиясынан сайланған депутат Дархан Рамазанов азаматтарды қоғамдық қабылдау жасады. Сонымен қатар, партия мүшесі елорда мектептерінің бірінде қайырымдылық акциясын өткізді.
Астаналықтардың мәслихатқа жолдаған мәселелері қаланың инфрақұрылымына, атап айтқанда, көлік желілерін дамыту мен жақсартуға және т.б . болды.
«Жиі көтерілетін тақырыптардың қатарында тұрғын үй қорынан баспана алу мен қамтамасыз ету мәселелері бар. Сонымен қатар, азаматтар Семей полигонындағы және Арал өңіріндегі сынақтардан зардап шеккен адамдардың құқықтық жағдайы мен жеңілдіктеріне қатысты сұрақтар қойды, – деді депутат.
Рамазановтың айтуынша, барлық өтініш қарауға қабылданды, тиісті сауалдар шара қолдану үшін құзырлы органдарға жолданады.
Депутат №34 мектепте қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ондағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына естелік сыйлықтар табыстады.