Қазақстан Халық партиясының «Қайырымдылық керуені» акциясы қызу жүріп жатыр. Облыстық партия филиалдары өңірлерде қоғамдық, білім беру және демалыс сипатындағы түрлі іс-шаралар өткізуде.
Акция аясында ҚХП Атырау облыстық филиалының өкілдері Атырау қаласындағы № 4 Арнайы-әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болды. Өздерін елеп-ескеріп, қонақтардың келгені Орталықтағы қарттардың көңілін марқайтып тастады.
ҚХП Ақмола облыстық филиалы «Көкше» мәдениет үйімен бірлесіп, Красный Яр ауылындағы № 1 орта мектептің оқушылары үшін шағын, бірақ есте қаларлық мереке ұйымдастырды. Бастауыш сынып оқушылары үшін үлкен экранда анимациялық фильмдерді тегін көрсетті. Балалар аз уақытқа болса да, кереметтер пен шытырман оқиғалар әлеміне сүңгіп кеткендей болды.
– Балалар - еліміздің болашағы, - деді ҚХП Ақмола облыстық филиалы басшысының міндетін атқарушы Арман Тастамбеков. - Олардың мейірімділік пен қамқорлықты терең сезініп өсуі өте маңызды.
Ал ҚХП Алматы облыстық филиалы Қонаев қаласындағы "Шарапат" арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында есте қаларлықтай тамаша концерт ұйымдастырды. Қойылымдарға алматылық «Әжелер» ансамблі, сондай-ақ, партияның ең шығармашыл және талантты мүшелері белсене қатысты.
«Қайырымдылық керуені» акциясы аясында Қазақстан Халық партиясы еліміздің барлық өңірлерінде осындай сипаттағы гуманитарлық іс-шаралар өткізеді.