ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Халық партиясының атынан сайланған Мәжіліс депутаты Кенжеғұл Сейтжан төтенше жағдайлардан зардап шеккен қазақстандықтардың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге арналған арнаулы «жедел желі» ашылғанын хабарлады.
Осы көрсетілген телефон мен электрондық мекенжай арқылы азаматтар әлеуметтік омбудсмен кеңсесіне жүгіне алады.
Су тасқыны, эпидемия, қақтығыстар және басқа да дағдарыс жағдайлары сияқты төтенше жағдайлар кезеңінде халықтың әсіресе әлеуметтік осал топтары көп қиындық пен тәуекелге тап келеді,-деп мәлімдеді брифингте Кенжеғұл Сейтжан. - Мұндай санаттағы азаматтар ерекше көмек пен қолдауға мұқтаж.
«Жедел желінің» байланыс номері:
телефон: +7 (702) 282 61 83;
e-mail: upolnomochennyysusn.2024@gmail.com
ТЖМ мәліметінше, Қазақстанның 6 өңірінде бұрынғысынша су тасқыны өршіп жатыр. Азаматтық қорғау қызметтері 111 194 адамды, оның ішінде 39 222 баланы құтқарды. Уақытша орналастыру пункттерінде 6 814 эвакуацияланған, оның ішінде 2 995 бала бар. 9,5 млн. м3 астам еріген су сорылды, 2,2 млн. астам қап және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 503 тұрғын үй мен 2 157 аула аумағынан су шығарылды.