Қазақстан халық партиясының депутаты, ҚР Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл Кенжеғұл Сейтжан партияның Алматы қалалық филиалының өкілдерімен және қалалық мәслихат депутаты, ҚХП Алматы филиалы төрағасының орынбасары Бейбіт Құсайыновпен кездесті.
Мәслихатта Құсайынов Оңтүстік астананың инфрақұрылымын дамытумен, сондай-ақ спорт, мәдениет және шығармашылық салаларын қолдаумен айналысады.
– Кездесу өте жақсы өтті. Жиында біз Алматыдағы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инклюзивті туризм мен ғимараттардың қолжетімдігін талқыладық, – деп атап өтті Кенжеғұл Сейтжан.
Сондай-ақ депутат-омбудсмен Құсайыновпен қоғамдағы инклюзия мәселелеріне арналған заңнамамен жұмыс барысында ұсынуға ниетті өз ұсыныстарымен бөлісті. Одан бөлек республика бойынша мүгедектігі бар адамдарға арналған ғимараттар мен мекемелердің қолжетімдігін мониторингтеу нәтижелері туралы айтты.
– Кездесу нәтижесінде, осы мәселелердің барлығы Алматы қаласы әлеуметтендіру және жұмыспен қамту департаментінің өкілдерімен болатын кездесуде көтеріледі деп келістік, – деп түйіндеді К.Сейтжан.
Аталған кездесу биылғы жылдың 8 тамызына жоспарланған.