Алматыда жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үй кезегі кері жылжып жатыр

120 -шы еді, 140-шы болды. Алматылықтар Қазақстан Халық партиясының депутаты Гаухар Танашеваға жеңілдікпен жалға берілетін тұрғын үйг кезегі алға емес, артқа жылжып бара жатқаны туралы айтты.

Мәжілісмен оңтүстік астанаға өңірлерге жұмыс сапары аясында сайлаушылармен кездесу үшін келді.

Алматыда Гаухар Танашева азаматтарды жеке қабылдады. Халық қалаулысымен кездесуге ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған көпбалалы аналар, жалғызбасты аналар және қарапайым ата-аналар жеке мәселелерімен келді. Олар өздерін толғандырған әлеуметтік сұрақтарды талқы таразысына салды.

Бұдан кейін депутат «Халықтың әлеуметтік осал топтарының жалпы мәселелері» деген тақырыптағы дөңгелек үстелге қатысты. Мұнда әлеуметтік әл-ауқат, қоғамдық денсаулықты сақтау, коммуналдық құрылымдарды дамыту және білім басқармаларының басшылары мен олардың орынбасарлары сөз сөйледі.

Бұған дейін Қазақстан Халық партиясы атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) 70 000 теңгені құрайтын ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерінде бекітіп, балалардың жәрдемақымен алмастыруды ұсынған болатын. – АӘК - ке үміткер болу үшін көпбалалы жұмыс істемейтін аналар жүздеген сынақтан өтуі керек, – деді сол кезде Гаухар Танашева. – Әдетте, мұндай жағдайда әйелдер бюрократия мен мемлекеттік органдардың әуре-сарсаңының салдарынан салы суға кетеді.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy