Атом электр станциясы құрылыс бойынша референдум оған сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі. Ал егер келгендердің жартысынан көбі қолдап дауыс берсе, онда АЭС салу туралы шешім қабылданады.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (қазір уақытша Орталық референдум комиссиясы деп аталады) мәлімдеді.
Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров заңнамаға сүйене отырып бәрін жан-жақты түсіндірді.
«Егер референдумға жалпы тізімге енген азаматтардың жартысынан астамы қатысса, республикалық референдум өтті деп есептеледі», - деп түсіндірді Петров.
Сондай-ақ, дауыс бергендердің жартысынан көбі – 50%-ы «келісемін» деп жауап берсе, республикалық референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім түпкілікті қабылданады.
Қазақстан Халық партиясының депутаты Гауһар Танашева жерлестерін дауыс беру кезінде барынша орынды әрі салмақты шешім қабылдауға шақырды.
– Қазір халықты алаңдатып отырға басты мәселе – қауіпсіздік мәселесі. Осы ретте атом электр станцияларын салу қауіпсіз, тиімді және елімізге мол пайда әкелетінін халық түсінуі керек, - деді депутат.
Атом электр станциясын салу бойынша жалпыхалықтық референдум 2024 жылғы 6 қазанда өтеді. Бюллетеньде бір сұрақ болады: «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?». Ал дауыс берушінің таңдауына екі жауап нұсқасы ұсынылады: «иә, келісемін» және «жоқ, келіспеймін».