Қарағандылық жастардың тұрғын үй мәселелерін қалай шешуге болады?

Қарағандылық студенттер «Астана-Шымкент-Алматы» жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын республиканың басқа өңірлеріне таратуды ұсынады. Осы бастамамен олар Қарағандыға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамбет Ертісбаевқа жүгінді.

«Астана-Шымкент-Алматы» жалға берілетін тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасы әкімдіктің жетекшілік етуімен, жеңілдікті шарттармен, бірақ сатып алу құқығынсыз жұмыс істейтін жастар мен жас отбасыларды қолдауға бағытталған.

– Біз бұл бағдарламаның біздің қаламызға да енгізілгенін қалаймыз, - деді қарағандылық жас белсенді Заңғар Қаңтарбаев. - Бізде де тұрғын үйге мұқтаж жұмыс істейтін жастар көп. Қазір үйде ата-ананың мойнына масыл болып отыратын уақыт емес.

1

Мәжіліс депутаты Ислам Сұңқар бұл бастаманы қолдады. Оның айтуынша, мұндай бағдарлама жұмысшы жастарға жеңілдетілген жалдау мерзімінде бастапқы жарнаға қаражат жинауға, нәтижесінде ипотекаға өзінің жылжымайтын мүлкін сатып алуға мүмкіндік береді.

– Менің ойымша, мәселені зерделеу керек, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты, - және парламенттік мінбеден бастап, өкілетті Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне бағдарламаны кеңейтуді ұсыну керек.

Жуырда ғана ҚХП Қарағанды филиалы әкімдік пен Отбасы банкі өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй мәселелері бойынша алқалы жиын өткізді. Жиын нәтижесінде жас отбасы бес жыл ішінде бастапқы жарнаға қаражат жинап, кейін жас отбасылар үшін жеңілдікті ипотекалық бағдарламаға қатыса алатын тұжырымдама мақұлданды.

– Мұндай тәсіл жастардың мегаполистерге кетпей, өңірлерде қалуына түрткі болуы мүмкін, - деп есептейді Ислам Сұңқар. - Әкімдіктер бұған мүдделі болуы тиіс.

ҚХП төрағасы бұл мәселені, атап айтқанда, бағдарламаны іске асыру арқылы бюджетке түсетін жүктемені және жергілікті атқарушы органдардың жалға берілетін тұрғын үй беру мүмкіндіктерін мұқият зерттеуді тапсырды.

– Осы үш қалада аталған бағдарлама тиімді бола алды ма? Осыны тағы бір қарауымыз керек, - деп атап өтті Ертісбаев. - Егер солай болса, оны Қарағандыдан бастап басқа қалалар мен облыс орталықтарына енгізу қажет.

ҚХП төрағасының жұмыс сапары жалғасуда.


Біздің ресми аккаунтымызға жазылыңыз:
@halyk_partiyasy