Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев партияның жаңа мүшелеріне билеттер табыстады. Салтанатты рәсім С.Сейфуллин атындағы Қарағанды театрының сахнасында өтті. ҚХП қатарын аудан тұрғындары, еңбек ұжымдары, жергілікті кәсіпкерлер мен студенттер толықтырды.
Жұмыс сапары аясында Қарағандыға келген ҚХП басшысы жиналғандарға шын ниеттен ыстық ықыласын білдірді.
– Біз, Қазақстандағы социализм идеясын жақтайтын жалғыз партиямыз, - деп атап өтті Е.Ертісбаев өз сөзінде. - Біз сөзбен емес, іс жүзінде халықтың мүддесін қорғаймыз. Біздің күшіміз – партия мүшелерінің бірлігінде!
Бірінші болып Қарағандыға Балқаш, Қарқаралы қалалары мен Ақтоғай және Шет аудандарынан келген аймақтық өкілдер билет алды. Олардың соңынан партияға «Қарлығаш» балабақшасы, «Инкарим» мектепке дейінгі академиясы, «Кристина» клиникасы» ЖШС, ЦУМ ЖШС, «Бахус» ЖШС және т.б. еңбек ұжымдарының қызметкерлері, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер кірді.
Медицина академиясының, Кооперативтік университеттің және ҚарМУ жас толқынының алдында Мәжіліс депутаты, партияның жастар қанатының кураторы Ислам Сұңқар сөз сөйледі.
– Сіздер қазір жай ғана саяси ұйымға кіріп отырған жоқсыздар, - деп атап өтті Мәжіліс депутаты. - Сіздер барынша ашық, адал және әділ партияға қосылып отырсыздар!
Ислам Сұңқардың өзі ҚХП-на студент кезінде, 2017 жылы мүше болды. Ал алты жылдан кейін адал жолмен, ешқандай байланыссыз, ешбір лауазымды туыстың ықпалынсыз өзінің депутаттық мандатын иеленді.
– Осының барлығы біздің Халық партиясының қалыптастырған жағдайлардың арқасында, - деп түсіндірді депутат жаңадан келгендерге. - Мен сіздерді дұрыс жолды таңдағандарыңызбен құттықтаймын!
Өз тарапынан жаңадан қабылданған жас партиялықтар ҚХП ұсынған социалистік идеяларға қолдау білдірді.